Қазақстандықтар еуропалық ұйымының марапатына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар еуропалық ұйымының марапатына ие болды

06.12.2014
Қазақстандықтар еуропалық ұйымының марапатына ие болды

Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасында ұйымдастырылған турнирдің жеңімпаздары Еуропалық Сапа ұйымы Бас ассамблеясының отырысында салтанатты түрде марапатталды.

Еуропалық Сапа ұйымының құрылғанына 58 жыл болғанымен, халықаралық сапа турнирі соңғы 10 жылда ғана ұйымдастырылып келеді. Байқауға Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ең үздік компаниялары, жоғары оқу орындары қатысқан. Байрақты бәсекеде  бақ сынаған Еуразия Ұлттық университеті сапалы білім берудегі озық жетістіктері арқылы өзгелерді шаң қаптырып, бас жүлдені қанжығаға байлады. 

Саннан гөрі сапаға мән беретін байқаудың жеңімпаздарына марапатты Еуропалық кеңестің бұрынғы төрағасы Херман Ван Ромпей арнайы тапсырды. Еуропалық кеңесті 5 жыл басқарып, жақында ғана ұстаздық қызметке ауысқан Ромпей мырза сәті келгенде барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу