«Телқоңырда» - Тайжанның шығармашылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Телқоңырда» - Тайжанның шығармашылығы

13.12.2014
«Телқоңырда» - Тайжанның шығармашылығы

Арқаның ақтаңгер ақыны, соңына өшпестей асыл мұра – ән-жырын қалдырған қазақтың сал-серілерінің бірі – Тайжан Қалмағам­бетұлы.

Ол турасында әйгілі Кенен Әзірбаев: «Тайжан – ақындар арасындағы тамаша талант иесі. Өзіне сай домбырасы, гармоны мен қобызы да қоса сөйлейтін. Әні мен әуені ерекше еді. Ағып айтатын, төгіп сөйлейтін»,-деген екен.

Тайжан ақын жас кезінен өнерге ынтық болып өскен. Өз қатарлы 9-10 жастағы балаларды жинап алып, ойынан жеңіл-желпі шумақ құрастырып, өлеңмен қағытып отырған. Тіпті жалғыз өзі жапан түзде, тау-тасқа шығып алып, қой қайыратын таяғын домбыра қылып, айқайды салады екен.

Бүгін 13.30-да «Телқоңыр» бағдарламасы Тайжанның әндерінің тарихына тоқталмақ.

Хабарламаларға жазылу