«Телқоңырда» - Ықыластың «Жезкиігі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Телқоңырда» - Ықыластың «Жезкиігі»

15.03.2014
«Телқоңырда» - Ықыластың «Жезкиігі»
Ықылас Дүкенұлы ХIХ ғасырдың 2 - ші жартысындағы белгілі күйшілер арасындағы ең ірі қобызшы. Ықыластың атасы Алтынбек те, әкесі Дүкен де қобызшы болған.
 
Ал күйшінің «Жезкиік» туындысы туралы мынадай аңыз бар. Аңшылар киік ауламақ болып аңға шығады. Аздан соң олардың алдынан бір топ киік кездесіпті. Олжалы қайтатындарына қуанған аңшылар киіктерді шетінен ата бастайды.
 
Сол киіктердің арасында жез киік те болыпты. Оның терісінің сарылығы күнмен шағылысып, аңшыларға дұрыс көздетпейді. Сол себепті де, аңшылар жез киікті атып ала алмайды.
 
Аңшылар ата алмаған жез киік өмірге, тіршілікке риза болып, тастан-тасқа секіріп, кең далада көсіліп емін-еркін ойнақ салған екен. Осы әңгімені естіген Ықылас «Жезкиік» күйін шығарған деседі.
 
Бүгін 12.50-де «Телқоңырды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу