Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында есімі елге белгілі күйші-композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Таразда өткен шараға өнер қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Кездесу барысында күйшінің «Нұрлы жол» атты толғауы тұңғыш рет тараздықтарға ұсынылды.
Кездесуде Шәміл Әбілтай кейбір шығармаларының туу тарихына тоқталып, жас өнерпаздарға шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, жұртшылыққа «Қазақстан-Нұрсұлтан» күйіне түсірілген бейнебаян көрсетілді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова құттықтау сөзінде: «Шәміл Әбілтай – кешегі Құрманғазы мен Тәттімбеттің, Дәулеткерей мен Қазанғаптың бүгінгі күндегі ізбасары. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсеткендей, келесі жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығын тойламақпыз»,-деді.
Шара соңында Шәміл Әбілтайға «Құрметті профессор» атағы салтанатты түрде табысталды.
Жандар АСАН