Тұтқындалған мүліктер онлайн режимде сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтқындалған мүліктер онлайн режимде сатылады

08.12.2014
Тұтқындалған мүліктер онлайн режимде сатылады

Оларды саудаға шығаруға мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар, жеке сот орындаушылар да құқылы.

Биылғы жылдың 11 айында жариялым және электрондық сауда әдісімен 306 аукцион өткізілді.

Тұтқындалған мүліктің 3 344 лоты бастапқы құны 82 миллиард теңге бағамен саудаға қойылды.

Жылдың басынан бері тәркіленген мүліктің 203 аукционы өтіп, оларға бастапқы құны 10 миллиард теңгеден астам соманың 2291 лоты шығарылған.

Айта кетейік, тұтқындалған мүлікті сатып алуға қатысу үшін Бірыңғай электрондық сауда алаңында тіркелуге болады.

БЭСА елімізде  2014 жылдың сәуір айында іске қосылды.

Хабарламаларға жазылу