Skype және Lync-те видеоқоңырау функциясы қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Skype және Lync-те видеоқоңырау функциясы қосылды

08.12.2014
Skype және Lync-те видеоқоңырау функциясы қосылды

Microsoft компаниясы екі коммуникациялық сервистердің арасындағы интеграцияны күшейтіп жатыр. Былтыр екі қосымша арасында қоңырау шалу мен хат алмасу қосылған болатын. Енді оған қосымша бір бірімен видеоқоңырау шалу мүмкіндігі қосылды.

Бұл ретте, Skype-тың VoIP-қосымшасы қарапайым пайдаланушылар арасында танымал болса, ал Lync бизнес ортада сұранысқа ие.

Microsoft блогындағы мәліметке сүйенсек, бұл қосымша жұмыс кезінде қызметкерлер, әріптестер, серіктектестер арасында тек  байланыс ретінде ғана емес, сондай-ақ өмірде де байланысты нығайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, компания Skype-ты жаңартты. 7.0 версиясы бойынша сенсорлы басқару қосылды. Енді қолданушылар компьютер немесе ноутбук арқылы қоңырау шала алады және жазған хаттарды парақтай алады. 

Хабарламаларға жазылу