АПЛ. Бүгін «KAZsport» телеарнасы үш ойынды тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АПЛ. Бүгін «KAZsport» телеарнасы үш ойынды тікелей эфирде көрсетеді

01.01.2015
АПЛ. Бүгін «KAZsport» телеарнасы үш ойынды тікелей эфирде көрсетеді

20-шы турдағы алғашқы ойын «Сток Сити» мен «Манчестер Юнайтед» арасында өтеді. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде сағат 18:45-те көре аласыздар.

Ал, Астана уақыты бойынша сағат 20:50-де «Саутгемптон» мен «Арсенал» арасындағы матчты тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Англия Премьер-лигасында жетінші орындағы «Тоттенхэм» бірінші орында тұрған «Челси» клубымен кездеседі. Лондондық дербиді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 23:20-да көрсетеді.

Сонымен қатар, 20-шы турдың тағы бір тартысты ойынының бірі – «Ливерпуль» мен «Лестер Сити» арасындағы матч 01:30-де көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу