Павлодар облысында Мағжан оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында Мағжан оқулары өтті

06.12.2014
Павлодар облысында Мағжан оқулары өтті

Павлодар облысында екінші рет 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық Мағжан оқулары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтың белгілі ақынының шығармашылығына арналған байқауда 19 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды», - дейді Білім басқармасының қызметкері Балжан Әділханова.

Жас ақындардың «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» аталымында І дәрежелі дипломға Екібастұз қаласының «Зерде» мектебінің 10-сынып оқушысы Еламан Төлеутаев ие болды.

 Ал «Толқынмен толқын сырласып» атты аталымында зерттеу жұмыстары сынға түсті. Мұнда Қашыр ауданының жетінші сынып оқушысы Әйгерім Рамазанова жеңіске жетті.

Мәнерлеп оқушылар арасындағы байқауда Айсана Сахимзадинова  І дәрежелі дипломға ие болды. Қазылар алқасы Мағжан өлеңдерін оқудағы актерлік шеберлігі мен шынайылығы үшін Май ауданының Жалтырай мектебінің сегізінші  сынып оқушысының еңбегін жоғары бағалады.

Мағжан оқуларына қатысқан тағы 16 оқушы басқа да марапатқа ие болды. Олардың көбі ақынның шығармашылығынан шабыт алып, өздерінің өлеңдерін арнаған.

ІІ облыстық Мағжан оқуларына жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер «Ұстаздық еткен жалықпас» аталымы бойынша марапатталды.

Хабарламаларға жазылу