Алматыда Сорбонна институтының филиалы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Сорбонна институтының филиалы ашылады

05.12.2014
Алматыда Сорбонна институтының филиалы ашылады

Алматы қаласында Францция Республикасының Сорбонна институтының филиалы ашылады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Франция Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесуінен кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Елбасы сонымен қатар бүгін жоғары оқу орындарының бесінші форумы өтетінін, оның аясында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени алмасулар маусымының жоғары деңгейін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу