Алматыда «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылды

16.12.2014
Алматыда «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылды

Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсанда Алматы қаласының Алатау ауданында «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудандық филиал Елбасының «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көрсетілген өңірлерде партия жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмаларын орындау шеңберінде ашылды.

«Бүгінде партияның тиімді жұмыс істеуіне Алматыда барлық жағдай жасалған. Қалада 3 аудандық филиалдың құрылысы аяқталды. 2015 жылы тағы 3 аудандық филиал ашылады. «Нұр Отан» - миллиондаған адамның басын қосқан қоғамдық институт», - деді филиалдың ашылу салтанатына қатысқан Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

Хабарламаларға жазылу