Семейде қаламгер Әзілхан Нұршайықов пен Ырысхан Мусинге ескерткіш-тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қаламгер Әзілхан Нұршайықов пен Ырысхан Мусинге ескерткіш-тақта орнатылды

05.12.2014
Семейде қаламгер Әзілхан Нұршайықов пен Ырысхан Мусинге ескерткіш-тақта орнатылды

Әзілхан Нұршайықов – 1947-48 жылдары бұрынғы Семей облысының «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды. Жазушының еңбек жолы бүгінгі «Семей таңы» газетінен бастау алады.

Ырысхан Мұсаұлы еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бастаған. 1964 жылдан бастап Семейдің облыстық «Семей таңы» газетінде жемісті қызмет еткен.

Осы газеттің бас редакторы ретінде аймақтағы қордаланған көптеген мәселенің шешім табуына, қоғамдық пікірлердің қалыптасуына, тәуелсіздіктің баянды болуына қаламымен де, қажыр-қайратымен де атсалысқан.

Газеттің ардагерлері, Қазақстанның Халық Жазушысы Әзілхан Нұршайықов пен айтулы қаламгер, белгілі журналист Ырысхан Мұсаұлына арналған ескерткіш-тақтаның ашылуына зиялы қауым, журналистер, қос тұлғаның ұрпақтары да арнайы келіп қатысты.

Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов «Семей таңы» газетінің 95 жылдығы аясында аттары дүйім жұртқа мәлім қаламгерлердің құрметіне орнатылған ескерткіш-тақталарының ашылуымен құттықтады.

Ескерткіш-тақтаның ашылу салтанатында қала ардагерлері атынан Абайдың жиені, «Семей таңы» газетінің рухани жанашыры Балтабек Ерсәлімов, «Семей таңы» - «Вести Семей» газеттерінің бас редакторы, Семей қалалық мәслихатының депутаты Риза Молдашева құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу