Таразда Т. Рысқұловтың 120 жылдығына орай республикалық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Т. Рысқұловтың 120 жылдығына орай республикалық конференция өтеді

03.12.2014
Таразда Т. Рысқұловтың 120 жылдығына орай республикалық конференция өтеді

5 желтоқсанда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қазақстан Ғалымдар одағы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институты, «Тұрартану» қоғамдық қоры, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Т. Рысқұловтың 120 жылдығына орай «Тұрар Рысқұлов – Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері» атты республикалық конференция өтеді.

Конференция модераторы - ҚР ҰИА академигі, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті Оразалы Сәбден.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі;

2. Тұрар және тұтас Түркістан идеясы;

3. Т. Рысқұлов және Әулиеата өңірі;

4. Т. Рысқұлов – экономист және қаржыгер;

5. Т. Рысқұлов – публицист, қазақ әдебиеті мен өнеріндегі оның бейнесі;

6. Т. Рысқұлов және түркітану мәселелері.

Конференцияға Т. Рысқұловтың немересі В. В. Рыскұлов, ҚР ҰҒА академиктері М.Асылбеков, А. Қошанов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі, Қырғыз Республикасы ҰҒА президенті, академик А.Е.Еркебаев, Ресей академиясының Шығыстану институтының профессоры Д. Киселева және профессорлар М.Мырзахметов, Ә.Б.Дербісәлі, Н.К. Исингарин, тағы басқа ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысады. 

Хабарламаларға жазылу