Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығы атап өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығы атап өтіледі

30.10.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығы атап өтіледі

1 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында  қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтеді.

Шара Т.Рысқұлов ауылының  «Жанкент» мөлтек ауданындағы саябақта Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталады.

Одан кейін мереке М.Х.Дулати атындағы аудандық Мәдениет сарайында қоғам қайраткеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасады.

Ал, Кемербастау ауылдық округінде  М.Жәрімбетов ауылында қазақтың көрнекті перзенті Т.Рысқұловтың бюстін орнатуға арналған ескерткіштің қазығын қағу және 120 түп емен ағашын егу рәсімі өтеді.

Іс-шара Жаскешу ауылдық округіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасын таппақ.

Айта кету керек,  мерейтой барысында ұлттық ат спорты ойындары: бәйге (тай жарыс),  аударыспақ, көкпар ойнатылады.

Хабарламаларға жазылу