«Балапан» бағдарламасы аясында ашылған бөбекжай ғимаратын жеке кәсіпкер Ақан Тәтпенов 67 миллион теңгеге тұрғызған. Мұнда 150 бүлдіршін қабылданып, тәрбиеленуде. Сонымен қатар, 35 адам жұмыспен қамтылды.
Балабақша меңгерушісі Қарлығаш Тәтпенова тәрбиешілердің білімі мен біліктілігі сараланып, барлығы арнайы іріктеуден өткенін мәлімдеді.
Аудан әкімі Самат Сапарбаев Шұбарсу ауылының тұрғындарын мерекемен құттықтай отырып, ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.