Ордабасы ауданында балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ордабасы ауданында балабақша ашылды

04.12.2019

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Түркістан облысы Ордабасы ауданында балабақша мәселесі оңтайлы шешілді. Бүгінде аймақта 55 тәрбие ошағы жұмыс істейді. Соның арқасында аудандағы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің 98,5 пайызы балабақшада тағылымды өнеге, өрелі тәлім алып жүр. Еліміздің тұңғыш Президенті күні мерекесінде аудандағы балабақшалар қатары 200 орынға лайықталған тағы бір тәрбие ошағымен толықты. «Мақташы» ауылында 2 мыңға тарта адам тұрады. Жұмыстан қол үзгісі келмейтін ата-аналар бұрынғыдай баламды қайда апарамын деп бас қатырмайтын болды. Сәулетіне көркі сай ғимараттарда бала тәрбиесіне қажетті барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, асхана, дәрігерлік пункт, ойын алаңдары да талапқа сай. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу