2015-2017 жылдары Қазақстанда 36 балабақша салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015-2017 жылдары Қазақстанда 36 балабақша салынады

28.11.2014
2015-2017 жылдары Қазақстанда 36 балабақша салынады

2015-2017 жылдар аралығында елімізде 36 балабақша салыну жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауына арналған алқа мәжілісінде мекеме басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде балабақшасына деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. Балабақшаға кезек бізде ауқымды, шамамен жарты миллион бала тұр. 2013 жылы балалар бақшасына кезек күтушілер саны тағы да 50 мың балаға артты, бұл негізінен еліміздегі демографиялық өсіммен байланысты», - деді министр.

Министрдің айтуына қарағанда, 2015-2017 жылдар аралығында мектепке дейінгі мекемелер санындағы орын тапшылығын қысқарту шаралары қабылданады. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыру аясында алдағы үш жылда қосымша 36 балабақша салу көзделіп отыр. Аталған мақсатқа бюджеттен 20 миллиард теңге қарастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу