Тәртіп сақшылары ресми құжаттарды қолдан жасаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Қазпошта» АҚ-ның оператор-кассирі әкімшілік айыппұл төлемдерін қабылдау барысында тұрғындарға қолдан жасалған түбіртектерді беріп отырған. Ал, ақшаны қалтасына басқан. Күдікті жалған құжаттарды өзі жасаған. Дегенмен, оның бұл айласы көпке бармады.
Әкімшілік полиция қызметкерлері төлем түбіртектерін тексеру барысында күдік тудырған құжаттарды байқаған. Нәтижесінде ресми құжат қолдан жасалғаны анықталды.
Қазір күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүруде.