Ертең елордада ҚХА-ның этножурналистика саласындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада ҚХА-ның этножурналистика саласындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталады

26.11.2014
Ертең елордада ҚХА-ның этножурналистика саласындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталады

Ертең сағат 18.00 де  «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау  рәсімі болады. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кешке ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысады.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен  дипломдар табысталады. Сондай-ақ, кеште Қазақстан этномәдени орталықтары өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады. 

Хабарламаларға жазылу