VIII «Шаттық» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

VIII «Шаттық» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

26.02.2014
VIII «Шаттық» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

 

27 ақпанда Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында мектеп, лицей, гимназия, техникалық кәсіптік колледждер арасындағы Дельфий ойындары бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауының гала-концерті өтеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.
 
«Шаттық - 2014» қалалық байқауының шығармашылық жарыстарына 6 мыңнан астам бала қатысты. Олар 8 жанр бойынша бәсекеге түсті.
 
Атап айтқанда, аспапта жеке орындау, хормен ән айту, вокал, хореография, поэзия, театр, фотосурет, бейнелеу өнері.
 
Айта кетейік, байқауда 31 алтын, 31 күміс және 30 қола медаль сарапқа салынды.
 
Гала-концертте «алтын» медаль иегерлері марапатталады.

Хабарламаларға жазылу