Кереку өңірінде облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Ғасырды жалғап ғасырға» атты аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Айтыста Бейсенбі Мұқажанов пен Шолпан Байғалы, Жұмкен Сейітов пен Қанат Шайғазин, Амангелді Уақбаев пен Сансызбай Абдуллин сынды ақындар бақ сынады.
Алғашқы айналымда ұпай санымен көш бастаған төрт ақын, атап айтқанда Қуанышбек Шарманов, Абзал Қабдыраш, Алмагүл Жүгінісова және Рауан Қайдаров ақтық мәреге жолдама алды.
Айтыстың қорытындысы бойынша Таңат Ахатов жазушы Әзілхан Нұршайықов атындағы сыйлыққа және Павлодар қаласы әкімі Болат Бақауовтың арнайы жүлдесіне ие болды. Үшінші орын Абзал Қабдырашқа бұйырса, екінші орынды Қуанышбек Шарманов, бірінші орынды Алмагүл Жүгінісова еншіледі. Сөз сайысының бас жүлдесін Екібастұз қаласының намысын қорғаған Рауан Қайдаров қанжығасына байлады.