«Таңшолпан». 13-қыркүйекте Астанада республикалық ақындар айтысы өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 13-қыркүйекте Астанада республикалық ақындар айтысы өтеді (ВИДЕО)

05.09.2017

13-қыркүйекте айтыссүйер қауым үшін «Рух жаңғырығы» атты аламан айтыс кеші өтеді.

Осыған орай айтыскер-ақын Жандарбек Бұлғақов студия қонағы болып, айтыс төңірегіндегі жаңалықтармен бөлісті.

«Бұл кеш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұйымдастырылады. Халыққа кеңінен түсіндіру жағынан, қазақтың рухының сілкінуіне, жаңғыруына, ұлттық кодтың сақталуына бірден-бір себепкер өнер - айтыс.

Өздеріңіз білетіндей, елімізде спорт саласы жаңғырып жатыр. Мысалы, аламан бәйге, көкпардан әлем чемпионаты өтті. Қазір қазақтың санасына жағымды, жақсы іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп жатыр. Сондай дүниелердің қатарында айтыстың өтуі де - заңдылық», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу