Джеймс Бондтың басты қарсыласын сомдайтын актер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеймс Бондтың басты қарсыласын сомдайтын актер белгілі болды

25.11.2014
Джеймс Бондтың басты қарсыласын сомдайтын актер белгілі болды

«Блондиананың» 24-ші эпизодында Джеймс Бондтың басты қарсыласын сомдайтын актер белгілі болды. Голливуд жұлдызы Кристоф Вальцке агент 007-нің қарсыластарының бірі - Эрнст Ставро Блофельдтің рөлі бұйырды.  Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Айта кетейік, бұл кейіпкер Джеймс Бонд туралы алты фильмде кездеседі. Ол «Спектр» террористік ұйымының көшбасшысы. Кейіпкерді соңғы рет  актер Макс фон Сюдоф сомдаған болатын.

24-ші эпизод 2014 жылдың желтоқсан айында Мексика, Марокко, Австрия, Италия және Лондонда түсіреле бастайды. «Блондиананың» кезекті бөлімі 2015 жылы экранға шығады деп болжануда. 

Хабарламаларға жазылу