Астанада ауыл шаруашылығы жабдықтарының көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауыл шаруашылығы жабдықтарының көрмесі өтті

27.10.2015
Астанада ауыл шаруашылығы жабдықтарының көрмесі өтті
Халықаралық шараға Австрия, Австралия, Испания, Италия сынды елдердің 200-ден аса компаниясы қатысып, агросаладағы өз табыстарымен бөлісті, тәжірибе алмасты. Осы көрмеде Қостанайдан шығарылған комбайн мен Алматылық «Арай» ұшағы да бірінші рет жұрт назарына ұсынылды.

Айбар Төлжанұлы, тілші:

Алматыда жасалып шыққан «Арай» ұшағы кезіндегі АН-2 ұшағының қазіргі заманауи үлгісі. Қазір егін шаруашылығында таптырмас техникалардың бірі. Мәселен, бұл ұшақтың басқаруылуы өте оңай мамандардың айтуынша, ерекше қасиеттерінің бірі 4 шақырым биіктікте сағатына 160 км еңсере алады екен. Қазір мұндай су жаңа «Арай» ұшағының елімізде, егіс алқабында тек 7-і қалықтап жүр екен.

Думан Ақтаев, «Авиамастер эйркрафт» компаниясының бас инженері:

Бұл ұшақ универсал төрт орындық қажет болса артқы орындықтың орнына химиялық бакты орнатып штангаларды іліп, насостарды авиахим жұмыстарына пайдалануға болады. Аэровизуальный жұмыстарды, орманды күзету, жануарларды санау сондай жұмыстарға пайдалануға болады.

Салмағы 600 келіден асатын «Арай» ұшағы АЙ-95 маркалы жанармаймен ұшады. Жылдам операциялар мен егістік суаруда қолданылатын бұл техника елімізде тұңғыш рет шығарылып отыр. Ал, Қостанайда құрастырылатын мына комбайнның қуаттылығы зор. 10 тонналық бұл машина заманауи техникаларман жабдықталған. Әзірге бұл көліктің 2 данасы жасалыпты.

Алдияр Жолдыбеков, «Туркуаз машинери» ЖШС өкілі:

«Осы жылдан бастап біз осы комбайндарды өзге компанялармен бірлесіп, жасап шығарыудамыз. Бұл жоғары технологиялармен жасалған соңғы үлгідегі машина. Бүгін ұсынып отырған осы комбайнға келесі жылы 50-80 дана тапсырыс түсіп отыр.

Әлемнің алпауыт мемлекеттерінен келген делегаттар Қазақстанда жасалған осындай су жаңа техникалармен танысты. Өзге де заманауи жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды.

Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Жиырма екі мемлекеттің өкілі мен бүкіл Қазақстан аймағынан келген агро саласындағы, кешенінде жұмыс істейтін өзіміздің шаруаларымыз әрине көп. Олар жаңа техниканы және басқа жабдықтарды көреді.

Осындай мүмкінділігі мол, заманауи агротехникалардың бүгін, ірілі ұсақты жүзге тарта түрі әкелінген. Енді еліміздегі егін шаруашылығы мен мал бордақылауда тозығы жетіп тұралап қалған техниканың орнын негізінен осы жабдықтар басатын болады.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу