ҚР Президентінің ресми сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
Елбасы 24 қарашада елімізге ресми сапармен келетін Чехия президенті Милош Земанмен кездеседі.
Сапар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықты нығайтуға қосымша серпін береді деп күтілуде.
Сонымен қатар, машина жасау, энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы зор.
Бұған қоса, 25 қарашада Қазақстанға Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримов ресми сапармен келеді, сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.
Екі елдің көшбасшылары Қазақстан Президентінің 2013 жылы маусымдағы Өзбекстанға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асу барысын талқылайтын болады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын қарастырады.