Мемлекет басшысы Чехияның қайта сайланған президенті Милош Земанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Чехияның қайта сайланған президенті Милош Земанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

29.01.2018

Мемлекет басшысы Чехияның қайта сайланған президенті Милош Земанды сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. «Сіздің бұл жеңісіңіз Чехия халқының сізге деген сенімі зор әрі мемлекет дамуы үшін сіз таңдаған болашаққа бағдардың дұрыс екенін көрсетеді». Биыл қос ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына - 25 жыл. Ширек ғасырда Қазақстан мен Чехияның байланысы жоғары деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын. Екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен маңызды қызметте табыс, ал, дос Чехия халқына бейбітішілк мен өркендеу тілеймін» - делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу