«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушылары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушылары

18.11.2014
«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушылары

17 қараша 17 желтоқсан аралығында жарияланған «Жырлаймын туған елімді» жыр байқауының кезекті қатысушылары – Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының тұрғыны. Өзгеріс Қуанар және Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тұрғыны Тілеухан Биболатов.

Өзгеріс Қуанар

 

Туған жермен сырласу

Жайлауда жүрген  жырларым,

Қойтаста қалды сырларым.

Шежіре тұнған қойныңа

Сақталған балғын жырларым.

Қырыңнан қызыл гүл теріп,

Арайлап атқан Күн көріп,

Балбұлақ бала дәуренді,

Балауса жырмен көмкеріп.

Қанатап сенен ұшқанда,

Гүлдерді әсем құшқанда,

Қиялым көкке шарықтап

Хат жолдап, қайтқан құстан да.

Жетуге саған асығам,

Өзенің болып тасыған.

Жапырақ толқын тірлікте

Көңілді қайтем жасыған.

Есімде бұлақ сыңғыры,

Бұраң бел талдың сыбдыры,

Керімсал ескен қоңыр кеш

Тоғжанның шолпы сылдырлап.

Құшағың ыстық балқытқан.

Көгімде ән-күй шалқытқан.

Кең байтақ шетсіз даламнан

Жусанның исін аңқытқан.

О, менің алтын бесігім!

Айқара ашқан есігін.

Тербеткен жүрек әнімнің,

Қайырмасындай есімің!

Хабарламаларға жазылу