«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушысы – Майлыбек Молдабеков - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушысы – Майлыбек Молдабеков

10.12.2014
«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушысы – Майлыбек Молдабеков

«Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы ұйымдастырып отырған «Жырлаймын туған елімді» жыр байқауына үміткерлер өлеңдерін жолдауда.

Бұған дейін еліміздің түкпір-түкпірінен өлеңді жанына серік еткен ақындар туған жер, ел турасындағы туындыларын жіберді.

Ал, бүгінгі үміткер Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қушоқы кентінің тұрғыны – Майлыбек Молдабеков.

Отан

Отан бізге оттан да ыстық,

О, қазағым, оны да ойла,

Мекені бұл ұл мен қыздың

Міндеттіміз қорғауға!

Ұрпағымыз сәбилердің

Жылы ұясы туған жер,

Ұйымшыл бол, ұл-қыздарым

Болашағы – тек сендер.

Еске алайық, бабаларды,

Тайсалмаған, ерлеген.

Ұрпағының қамын ойлап,

Жерін жауға бермеген!

Көк Туымыз желбіресін

Биігінен көрейік,

Қазағым бұл – Мәңгілік ел

Өркендейік, өнейік!

Хабарламаларға жазылу