KazINNO инновациялық жобалар байқауы жеңімпаздарының Кремний алқабына сапарының қорытындысы жөніндегі баспасөз мәслихаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

KazINNO инновациялық жобалар байқауы жеңімпаздарының Кремний алқабына сапарының қорытындысы жөніндегі баспасөз мәслихаты өтеді

16.11.2014
KazINNO инновациялық жобалар байқауы жеңімпаздарының Кремний алқабына сапарының қорытындысы жөніндегі баспасөз мәслихаты өтеді

17 қараша күні Алматыда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «KazINNO» инновациялық жобалар байқауы жеңімпаздарының АҚШ Кремний алқабына сапарының қорытындысы жөніндегі баспасөз мәслихатын өткізеді.

Оған «НАТР» АҚ басқарушы директоры Бақыт Төлеев, 2014 жылдың 26 қазаны мен 15 қарашасы аралығында биотехнология, ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, энергетика және машина құрастыру саласы бойынша іс-тәжірибеден өткен инноваторлар қатысады.

Шараны ұйымдастырушылар – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ.

Хабарламаларға жазылу