«Сенбілік таң» ақын Ханбибі Есенқарақызының отбасында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» ақын Ханбибі Есенқарақызының отбасында

14.11.2014
«Сенбілік таң» ақын Ханбибі Есенқарақызының отбасында

«Ханбибі – оңтүстік өңірінің ғана ақыны емес, түркі тілді ұлттарға белгілі, әсіресе, өзбек, қырғыз бауырларымызға танымал, тонның ішкі бауындай жақын тартатын ақын». Д.Исабеков

«Ханекең Қаратауда өсті. Алатауды аңсады. Ақтау – атажұрты. Осынау киелі үш таудың қасиетін бойына сіңірген қыз». К.Әмірбек.

«Ақын туғанда ақын болып жаратылады. Ол бір Алладан келетін пәрмен», деп білетін ақын Ханбибі Есенқарақызы турасындағы қаламдастарының пікірі осындай. Оның  поэзиясы өткірлігімен, лиризмге толы нәзіктігімен, астарлы ойымен, философиясымен құнды.

Ертең «Сенбілік таң» бағдарламасы ақынның отбасымен сұхбат құрады. Ұлттық арнадан сағат 09.00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу