«Сіз не дейсіз?» хабарында – өнертапқыш Бақытжан Әлменов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – өнертапқыш Бақытжан Әлменов

14.11.2014
«Сіз не дейсіз?» хабарында – өнертапқыш Бақытжан Әлменов

Бақытжан Әлменов ағынсыз, яғни, тұйық су көзін пайдалану ар­қылы арзан электр энергиясын алу­дың жо­лын ойлап тапқан. Бұл жа­ңа­­лық­ты шетелдік ғалымдар электр энер­­гия­сын өндірудің арзан әрі жыл­дам тәсілі деп бағалады.

 Осы­­­лайша қондырғыны, яғни, ма­ши­­на­ны іске қосу арқылы ағынсыз немесе тұйық су көзінен (баяу ағыс­ты өзен, көл, теңіз, мұхит, құдық, тіпті, су тол­ған шұң­қыр) Архимед ашқан судың денені жоғары итеру заңды­лы­ғын пай­далану әрі дамыту ар­қылы электр энергиясын өнді­руге болады.

Бақытжан Әлме­нов­тің айтуын­ша, су неғұрлым те­рең болып, ауа толтырылған қап­­шық­тар­­дың саны көбей­ген сайын, маши­­наның электр қуа­тының қар­­қыны ар­та түседі.

Өнертапқыш Бақытжан Әлменов туралы не білесіз? Отандық өнертабыс иелері көбіне шетелден қолдау табады. Мұның себебі неде? Бүгін 23.30-да «Сіз не дейсіз?» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу