«Шалқар» ұлттық радиосы «Жүзден жүйрік» радиоойынын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» ұлттық радиосы «Жүзден жүйрік» радиоойынын ұсынады

13.11.2014
«Шалқар» ұлттық радиосы «Жүзден жүйрік» радиоойынын ұсынады

«Шалқар» ұлттық радиосы «Жүзден жүйрік» радиоойынын ұсынады.

Ойын үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде тыңдармандарға мақал-мәтел жасырылады, яғни, жүргізушінің бастаған мақалын аяқтау қажет.

Екінші бөлімде жүргізуші жұмбақ жасырады, ал, тыңдарман оның жауабын табуы қажет.

Үшінші бөлімде эфирде қойылған халық немесе дәстүрлі әндердің атын, авторын, орындаушысын табу шарт.

Ойынның толықтай үш бөлімінен мүдірмей өткен тыңдарман жеңімпаз атанады. Жеңімпазға «Шалқар» ұлттық радиосының атынан билеттер, кітаптар, сонымен қатар, радио арқылы жақындарына сәлем жолдауға мүмкіндік беріледі. 

Мақсат - қазақтың көнеден келе жатқан, ұмыт болып бара жатқан,  сөз мұрасы - мақал-мәтелдерін халықтың санасында қайта жаңғыртып, тыңдарман қауымды ұлағатты сөздермен сусындату. Сондай-ақ,  дәстүрлі ән саласы бойынша тыңдармандардың танымын арттыру.

Радиоойын эфирге  әр сәрсенбі сайын сағат 21.00-де шығады.

Сіз жүзден жүйрік атануға лайықтысыз!

 

 

Хабарламаларға жазылу