«Шалқар» радиосы «Мәриям, Ілияс» қойылымын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосы «Мәриям, Ілияс» қойылымын ұсынады

16.10.2014
«Шалқар» радиосы «Мәриям, Ілияс» қойылымын ұсынады

Бүгін сағат 23:00-де «Шалқар» ұлттық арнасында «Шабыт» радиотеатры эфирге шығады. Радиотеатрда Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының «Мәриям, Ілияс» спектаклі қойылады.

Спектакльде әйгілі Мұрын жыраудың «Қырымның қырық батыры» жырын сақтап қалған халық ақыны Мәриям Хәкімжанованың, қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың, ел үшін күрескен Алма Оразбаева, жастай кеткен Зияш Қапарованың ауыр тағдырлары айтылады. Қойылымда жеке басқа табыну күшейіп, асыра сілтеу асқынып тұрған замандағы қазақ әйелдерінің қайғы-қасіреті көрініс тапқан.

Режиссері және сценарий авторы - ҚР Халық әртісі Ерсайын Төлеубай. Басты рөлдерде: Мәриям Хәкімдажанова – Шаһарбану Есенғұлова; Ілияс Омаров – Айбол Шәкіржанов.

Спектакльдің радионұсқасын дайындаған Толқын Сұлтан. Қапы қалмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу