«Айгөлек» байқауында Назгүл Байменова Гран-приді жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгөлек» байқауында Назгүл Байменова Гран-приді жеңіп алды

13.11.2014
«Айгөлек» байқауында Назгүл Байменова Гран-приді жеңіп алды

«Айгөлек» республикалық балалар байқауының 6-маусымында «Бүлдіршіндер әні» номинациясы бойынша бас жүлдені 9 жасар ақтөбелік Назгүл Байменова иеленді. Ол ақтық сында Маржан Арапбаевамен «Күнге табыну» әнін орындады. 

Бірінші орынды астаналық Әсем Қалдыбаева алды. Ол Серік Ибрагимовпен «Жаяу» әнін шырқады. Әсем небәрі - 5 жаста. 

Ал Ақтөбе қаласынан келген Ділнара Мусина екінші орынды иеленді. 7 жастағы Ділнара «Құрбылар» әнін Индира Расылханмен орындаған. Үшінші орын Ерке Есмаханмен «Асыл арман» әнін айтқан алматылық Алуа Серіковаға бұйырды. Алуа – 9 жаста. 

Сондай-ақ, Айшабибі Есенжолова байқаудың дипломанты атанды. Ақтық сында 7 жастағы Айшабибі Алмас Кішкенбаевпен «Мама» әнін шырқады. 

Айта кетейік, кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында байқаудың финалдық концерті өтті. Жеңімпаздарға халықаралық байқауларға жолдама берілді. 

Концерт алдағы уақытта «Балапан» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.  

Хабарламаларға жазылу