Қазақ өнеріндегі Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Шәкен Аймановтар сахна мәдениетін терең меңгерген әрқайсысы бір-бір театр іспетті тұлғалар еді.
Осы толқынның өкшесін баса Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Сейфолла Телғараев, Таңат Жайлыбековтер келді. Әріптестері Есбош атап кеткен актер Есболған Жайсаңбаев осындай ұлағатты өнер иелерінің тәлімін алған.
Жазушы Рымғали Нұрғалиев айтқандай, «мұрнына дейін күлетін актер» қысқа ғұмырында өнерде өшпес із қалдырып кетті.
«Есболған қазір халықтың аузында. Кейде «бір қара бала бар еді, сол жоқ болып кетті», дейтіні бар жұрттың. Сол қара бала – Есболған еді. Әріптестері де қандай да бір рөлге қатысты «мынау нағыз Есболғанның рөлі екен. Көзі тірі болғанда қатыратын еді», деп отырады. Өзі жас кетсе де, қаншама жұмысы, түскен фильмдері қалды»,-дейді актердің жары Салиха Қожақова.
Актердің шығармашылық жолы турасында толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.