Жастар театры Алматыға гострольдік сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар театры Алматыға гострольдік сапармен барады

11.11.2014
Жастар театры Алматыға гострольдік сапармен барады

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры 2014 жылдың 20 – 23 қараша күндері аралығында Алматы қаласында гострольдік сапарын өткізеді. Гастроль барысында театр репертуарындағы У.Шекспирдің «Асауға тұсау», Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...», С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары», Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» қойылымдарымен қатар жас бүлдіршіндерге халық ертегісі «Ұр тоқпақ» ұсынылады. Іс-сапардың негізгі мақсаты - жасампаз да, жалынды жас театрдың өнерін еліміздің мәдени астанасы алматы жұртшылығының назарына ұсыну. 

Сонымен қатар, Алматы қаласында қараша айының 22-30 күндері аралығында жас театрлардың қатысуымен өтетін халықаралық «Откровение» фестивалінде танымал театр және кино әртісі Д.Серғазиннің режиссерлігімен сахналанған М.Левидің «Жер мен көктің арасы» қойылымы бақ сынамақ.

Спектакльдер Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өтеді.

 

Жастар театрының Алматы қаласындағы гастрольдік сапарының кестесі:

20 қараша, сағ. 18.30 Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...»  сахналық повесть

21 қараша сағ. 18.30 У.Шекспир «Асауға тұсау» комедия

22 қараша сағ. 18.30 С.Дүйсенбиев «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарлама

23 қараша сағ. 18.30 Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» комедия

20-23 қараша сағ. 11.00, 13.00 Халық ертегісі «Ұр тоқпақ»

Фестиваль аясында

24 қараша сағ. 19.00 М.Леви «Жер мен көктің арасы» мелодрама.

                                                 

Хабарламаларға жазылу