М.Әуезов театры Бішкекке гастрольдік сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов театры Бішкекке гастрольдік сапармен барады

26.09.2014
М.Әуезов театры Бішкекке гастрольдік сапармен барады

М.Әуезов театры қазанның 6-12 аралығында Қырғыз Республикасына гастрольдік сапармен барады.

Қазақ театры Бішкек қаласындағы Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Әкемтеатр қырғыз көрермендері үшін репертуарындағы М.Әуезовтің «Абай», Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат», Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» сынды таңдаулы 7 қойылымын сахналайды.

Сондай-ақ, Қырғыз еліндегі өнер сапарына ҚР Халық әртісі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі Торғын Тасыбекова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, Шәмшәгүл Мендиярова сынды өнер майталмандары бастаған 40-қа жуық әртіс барады.

 

 

Хабарламаларға жазылу