Ресейде CNN телеарнасы таратылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде CNN телеарнасы таратылмайды

11.11.2014
Ресейде CNN телеарнасы таратылмайды

2014 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Ресейдің кабельдік желілерінде америкалық CNN International телеарнасын тарату тоқтатылады, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Әзірге телеарнаның не себепті таратылмайтыны туралы нақты деректер жоқ. Алайда, ресейлік операторлар мұны Ресей қадағалау комитетінің операторларға тиісті лицензиясыз шетелдік арналарды таратуға тыйым салу жөніндегі қатаң талабымен байланыстырады.

CNN хабарларының тоқтатылатыны туралы хабарламаны «Вымпелком» және «Акадо» қуаттаған.
Айта кетейік, CNN Ресейде 1990 жылдардың басынан бері бірнеше жыл бойы «24-ші арнада» таратылып келді. Соңғы жылдары CNN-ді кабельдік желілер ғана таратуда. 

Бұдан бұрын Ресейде теле және радиокомпаниялардың капиталында шетелдік тұлғалардың қатысуы шектеулі болғандықтан «Азаттық», «Америка дауысы», «Халықаралық француз радиосы», сондай-ақ ВВС-дің «Орыс қызметі» және «Неміс толқыны» радиостанцияларының жұмысы тоқтатылған.

Хабарламаларға жазылу