14 қараша күні Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүслім Әмзенің «Аңсау» атты концерттік кеші өтеді.
Кешке Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Еркін Шүкіман қатысады. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетеді, деп күтілуде.
Шара Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.