Астанада «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт кеші өтеді

22.01.2015
Астанада «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт кеші өтеді

Кеш барысында жыр-термелер орындалып, сахналық қойылымдар көрсетіледі. Уағыз айтылып, бейнероликтер көрсетіледі, деп хабарлайды muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, кеш билеттерін мешіттерден алуға болады. Жиналған қаржы қайырымдылық мақсаттарда жұмсалады.

Шараға ЖОО дінтану мамандары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысады.

Кеш 24 қаңтар сағат 18:00-де Конгресс-холл сарайында өтеді.

Хабарламаларға жазылу