9 қараша күні Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл облысының кейбір жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының тұман, көктайғақ болады деп болжануда, таңертең және күндіз жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Ақмола, Алматы, Ақтөбе облыстарының кейбір жерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кейбір жерінде тұман түседі.