«Сауда Yздiгi» байқауының қорытындысы жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сауда Yздiгi» байқауының қорытындысы жарияланады

06.11.2014
«Сауда Yздiгi» байқауының қорытындысы жарияланады

Биылғы саммиттің тақырыбы - «Қазіргі заманғы сауданың Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі жол картасы  Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру».

Мемлекеттік органдардың, дайындаушы компаниялардың, импорттаушылар мен бөлшек сауда бизнесінің өкілдері Азиялық нарықтағы қазіргі заманғы сауданың проблемалық мәселелерін талқылайды.

Кездесу аясында «Бөлшек сауданың үздік кәсіпорны», «Үздік шетелдік компания», «Үздік көтерме сауда кәсіпорны», «Үздік сауда базары», «Үздік сауда, ойын-сауық орталығы, кешені, сауда үйі», «Үздік жол маңындағы сервис және демалыс аймағы», «Үздік жыл басшысы» аталымдары бойынша республикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Бизнес қоғамдастықтан саммитке Қазақстан, Ресей, Болгария, Индонезия, Германия, Пәкістан және т.б. мемлекеттердің ірі компанияларының жетекшілері келеді. Шараға қатысушылар логистика, тауарларды сақтаудың/бөлудің қазіргі заманғы жүйелері, базарлармен бәсекеге қабілетті азық-түлік дүкендерін қалыптастыру, қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру мәселелерін сөз етеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Хабарламаларға жазылу