Қазақстандық спортшылар панкратионнан үш алтын медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар панкратионнан үш алтын медаль жеңіп алды

06.11.2014
Қазақстандық спортшылар панкратионнан үш алтын медаль жеңіп алды

24-26 қазан аралағында Венгрияда 18 жастан жоғары спортшылар арасында панкратионнан Әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ақтөбелік Гойти Дозаев алтын медаль иеленді.

Игілік Серкебаев пен Мұхамбет Жалғас күміс жүлдегер атанды. Ал, Сергей Морозов пен Орынбай Раймбек қола жүлдені еншіледі.

Ақтөбелік спортшылар Түркияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында да көзге түсті. Бұл бәсекеге 18-19 жастағы спортшылар қатысты.

Екі алтын медальді Әсел Афганова мен Інжіл Еркінбек иеленді.  Күміс жүлде Нұрбек Қабдырахмановқа бұйырды.  Нұржан Сатжанов пен Жандос Дамешов қоланы қанағат тұтты.

Хабарламаларға жазылу