Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына 50-ші жүлде түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына 50-ші жүлде түсті

29.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына  50-ші жүлде түсті

Қазақстандық спортшылар Инчхондағы Азия ойындарында 50-ші жүлдені жеңіп алды.

Байдаркадан 200 метр қашықтықта Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов жұбы мәреге екінші келіп, күміс жүлдені еншіледі. Бұл қашықтықта алтын медаль Жапония спортшыларына бұйырды.  

Қазіргі уқаытта Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 50 жүлде бар. 14 «алтын», 14 «күміс» және 22 «қола». Жалпы есепте ел спортшылары төртінші орында тұр.

 

Хабарламаларға жазылу