Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбековтің төрағалығымен өңірде апорт өнімділігін қалпына келтіру мен дамыту бойынша арнайы жиын өткізілді. Бұл туралы аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шара барысында шешімін таппай жүрген мәселелер қозғалды. Отырғызылатын көшеттердің сапасы, өнім түрлерінің типтері қызу талқыланып, мол өнім алуға жағдай жасау мәселесі алға қойылды.
Бүгінгі күні өңірде 2 мың гектарға жуық алма бағы өз өнімдерін беруде. Алдағы 5 жыл ішінде оны 4-4,5 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.
Жиын қорытындысында жекелеген шаруа қожалықтарына алма өсіріп, бағбандық жұмыстарды жандандыру тапсырылды.