Жамбыл облысында алма жинау науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында алма жинау науқаны басталды

24.09.2021

 Жамбыл облысында алма жинау науқаны басталды. Аймақта соңғы жылдары интенсивті алма бақтарын ұлғайту жұмыстары қолға алынуда. Тың тәсілге көшкен жергілікті бағбандар 958 тонна өнім жинап үлгерген. Облыс бойынша 1гектардан астам аумақта интенсивті бақ бар. Басым бөлігі - Меркі ауданында. Мәселен, «Береке» шаруа қожалығы 20 га алқапқа осы технологиямен алма еккен. Бақшаның бабын тапқан бағбанға әзірге шетелдік әдіс тиімді болып тұр. Шығыны – аз, өнімі – көп. Гектарынан 20-25 тонна алма жинауда. Алқапта 30-ға жуық жергілікті тұрғын еңбек етуде. Қазірдің өзінде дайын өнімге сұраныс бар, дейді жергілікті шаруа.

Хамидулла Мейірманов, бағбан: 
Бағымызда «Айдарет» «СтарГримсон» «Золотой» деген үш түрлі алмамыз бар. Жылдан-жылға алманың өнімі өсіп келеді. Қазір 3-4 күннің айналасында бастадық алманы жинап. Тапсырыстар бар. Қазақстан аумағында. Меркі Алматыға жібереміз.


Хабарламаларға жазылу