Қазақстан Президенті аграрлық университеттердің деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталды.
«Бұл жоғары оқу орындарының қызметіне зерттеушілік бағыт енгізу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында ғылыми жетістіктерді пайдалану аграрлық ғылымды дамытудың маңызды бөлігі саналады. Қазақстанда үш аграрлық университет жұмыс істейді.
Олардың ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізу форматын мүдделі органдарды қатыстыра отырып, келісілген тәртіппен анықтаған жөн», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ректор өз кезегінде елдегі жоғары оқу орындары арасынан бірінші болып басталған, жоғары оқу орнын аграрлық зерттеу университетіне трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.
Т.Есполов бұл жоба стратегиялық жоспарлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес және әлемнің беделді аграрлық университеттерінің сарапшыларымен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.
akorda.kz