Астанада үш күнге жалғасқан «Astana Startup Weekend -2014» байқауының қорытындысы бойынша үздік инновациялық жобалар анықталды. Байқауға жұмысын енді бастаған 230 кәсіпкер қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен «Oina box» жобасы бірінші орын алды. Бұл 5 жастан асқан балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дамытатын жинағыш электрондық қорап. Команда 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
Екінші орын (300 000 теңге) «Тамшылар» жобасына берілді. Бұл - аутизмге ұшыраған балаларды сауықтыру орталығын дамытуға арналған жоба. Оған балаларға арналған барлық қызметт кешені енген.
Үшінші орын иеленген «Ұлттық өнер тауарларын шығаратын шеберлерді жылжыту» жобасының командасы 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды;
Feedspy.net жобасы шараның әріптесі әрі демеушісі «EMC» халықаралық компаниясы тағайындаған 670 000 теңге көлеміндегі Гран-при иегері атанды.
«Startup Weekend» - жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі. Бұл барша әлем бойынша 30 мың инноватордан тұратын желі.
«Astana Startup Weekend» елордада 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Екі жылдың ішінде байқауға 200 жуық адам қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.