1 қарашадан бастап Ресей Федерациясындағы Мәдениет жылы аясында Омбы қаласында «ЕврАзия-Арт: великие реки искусства» тақырыбымен халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге ШЫҰ мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Қытай) 122 суретшісінің 700-ден астам туындылары қойылған. Қазақстандық суретшілердің ішінде Өсербай Шуранов, Қабдығалым Қаржасов, Әнуар Игембаев, Виктор Поликарпов, Мұхтар Бекенов, Смағұлов Сембіғали т.б. туындылары қойылды.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Көркемсурет академиясының академигі, Павлодар облысы бойынша Суретшілер одағының төрағасы Өсербай Аманжолұлының айтуынша, көрме жоғары дәрежеде өтуде.
Омбылықтар бұл көрмені 1-15 қараша аралығында тамашалай алады.