Елордада әйгілі суретшілердің картиналары көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әйгілі суретшілердің картиналары көрмеге қойылды

06.01.2023

Елордада әйгілі суретшілердің картиналары қойылған көшпелі көрме өтіп жатыр. Бұл жерде Леонардо До Винчи, Микеланджело, Ван Гоктан бастап 20-дан астам түрлі классик қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.

Барлық картиналарды көріп шығу үшін бір сағатқа жуық уақыт кетеді. Гид мамандар әр картинаға тоқталып, түсіндіреді. Бейнелеу өнерінің жауһар жәдігерлерін тамашалау 10 жасқа дейінгі балалар мен ерекше қажеттілігі бар жандарға тегін. Көрме ақпан айының аяғына дейін жалғаспақ.

Алмагүл Ізбасқызы, арт-менеджер:

Бұл репродукция болып саналады. «Жиклея» деген техникада жасалған. Бұл техника шынайы суретке жақындатуға көмегін беріп тұр. Үстінен суретшілер бояумен білдіртпей бояған. Әрине бұлар ең қызықты, себебі жұмбағының өзін табу, символикалық мағынасын айту, жеткізу қызық болып жатыр.
Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу