Қазақстанда насыбай сатуға тыйым салу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда насыбай сатуға тыйым салу ұсынылды

31.10.2014
Қазақстанда насыбай сатуға тыйым салу ұсынылды

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің мүшесі Мейрам Раганин мәлімдеді.

«Онкологиялық аурулардың пайда болуына әкелетін канцерогендік заттар бар. Қарағанды қаласында сатылған насыбайда бұл заттардың мөлшері 4 есеге, нитрит-иондар 91 есеге артық екені анықталды», - деді Мейрам Раганин.

Сондай-ақ,  құрамынан бензопирен мен басқа да канцерогендер табылды.

Оның айтуынша, зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Швециядағы зертханасында жүргізілген.

Зерттеу аясында қазақстандық насыбай мен шведтік  снюстің құрамындағы заттар салыстырылды.

Оның нәтижесі бойынша, насыбай құрамындағы хром мөлшері 68 есеге, никель 14,2 есеге артық екені анықталған.

Осыған байланысты ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің мүшесі   Мейрам Раганин Қазақстанда насыбай сатуға тыйым салуды ұсынды.

Хабарламаларға жазылу